Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
"Халықаралық бағдарламалар орталығы" Грузияның жоғары оқу орындарына оқуға құжаттарды қабылдау туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
2025–2026 оқу жылына Грузияның жоғары оқу орындарында білім алу үшін Қазақстан азаматтарына 5 грант ұсынылып отыр.
Өтінім мен құжаттарды 2025 жылдың 26 мамырына дейін Электрондық үкімет" порталы (Egov.kz) арқылы немесе "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-да қолма-қол тапсыруға болады.
Үміткерлерді іріктеу үшін тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелері онлайн сұхбат өткізеді, үміткерлердің материалдарын қарайды және қорытынды комиссия шешімі шығады.
Ұпай тең болған жағдайда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар, мүгедектігі бар балалар, көп балалы отбасынан шыққан балалар, ауылдық елді мекеннен шыққан, соңғы 2 жылда ауылдық елді мекенде тұратын үміткерлер басымдыққа ие болады.
Мамандықтар тізімі мен толық ақпарат "Халықаралық бағдарламалар орталығының" ресми сайтында жарияланған.