Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Нұр-Сұлтан қаласында гүл сататын дүкендердің бірінде ұйымдастырылған ұтыс ойынының салдарынан екі мыңнан аса адам жиналып, қалада кептеліс орын алған еді. Нәтижесінде, ұйымдастырушыларға 670 мың теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Еске сала кетсек, 7 ақпанда қалада гүл сататын дүкеннің ашылу салтанаты барысында лотерея өткізіліп, адам саны көп жиналған. Тұрғындар арасында әлеуметтік арақашықтық сақталмай, көшеде кептеліс орын алды.
Дүкен иелері ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының бірінші бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 230 АЕК немесе 670 910 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Кәсіпкерлер қала тұрғындарынан кешірім сұрап, белгіленген айыппұлды 7 күн ішінде өтеуге келісім берді.