Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Шетелден әкелінген 69 мыңнан астам көлік заңдастырылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Ішкі істер министрлігі басқа мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы жылдың 23 қаңтарынан Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруды жүргізуде. Өтініштер барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтарында және электрондық сервис арқылы қабылданады. Сондай-ақ азаматтарға арналған электрондық үкімет порталында және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында қолжетімді», – деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев ІІМ баспасөз қызметі өткізген брифингте.
Қайрат Сұлтановтың баяндауынша, ағымдағы жылдың 23 қаңтары мен 26 наурыз аралығында 69 мыңнан аса шетелдік көлік құралы заңдастырылған. Оның ішінде 67% – Ресей Федерациясынан, 19% – Армениядан, 10% – Қырғызстаннан, 2% – Грузиядан.
фото: ortalyq.kz