Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мұнай өнімдерінің ірі контрабандасының арнасы жойылды. Бұл туралы ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс мәлім етті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жедел іс-шаралардың нәтижесінде шекарадан шығаруға арналған 10-нан астам вагон-цистерна табылды. Іргелес мемлекеттің аумағына жеткізілмек болған вагондарда құны 120 млн теңгеден асатын 750 тоннадан астам мұнай өнімі болған. Олар тоқтатылып, тергеу жүргізу үшін тәркіленді.
Қуандық Алпыстың сөзінше, мұнай өнімдерін тиісті рұқсат құжаттарынсыз тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр.