Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
IMPACT Олимпиадасындағы  NIS мұғалімдерінің бірегей жеңісі
Жаңалықтар

IMPACT Олимпиадасындағы  NIS мұғалімдерінің бірегей жеңісі

17.01.2025
1 мин
0
830
Сурет: Dauletten.kz.

Еллордада физика, математика және информатика мұғалімдері арасында өткен халықаралық IMPACT Олимпиадасы өз мәресіне жетті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстан және көршілес елдерден мыңнан аса педагогтар мен жаттықтырушылар жиналған шығармашылық байқаудың қорытындысы бойынша  Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS-тің физика мұғалімі Ернұр Чакенов пен математика пәні мұғалімі Айбол Оразғалиев абсолюттік жеңімпаз атанды.

Физика пәнінің мұғалімі Ернұр Чакенов олимпиаданың күрделі тапсырмалары мен қатаң талаптарын орындай отырып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді.

Айбол Оразғалиев 174 математика мұғалімдерінің ішінен ең үздік нәтиже көрсетіп бірінші орынға лайықты деп танылды. 

Бұл жетістік оқытушылардың мұғалімдік кәсібінің жоғары деңгейін және өз ісіне деген адалдығын көрсетеді.

  Дәстүрге айналған IMPACT Олимпиадасы тек жарыс қана емес, сондай-ақ олимпиадаға оқушыларын дайындайтын мұғалімдер мен жаттықтырушылар арасында тәжірибе алмасатын кәсіби алаңға айналып, білім сапасын арттыру, үздік тәжірибелермен бөлісу және педагогтар қауымдастығын нығайту бағытында маңызды роль атқарады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл