Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Индонезияның Батыс Ява аралында 5,6 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады Daily Mail басылымы.
Индонезияның метеорология, климатология және геофизика агенттігінің мәліметінше, жер асты дүмпулері цунами туғызатындай болмаған. Алайда тұрғындар сақтық шараларын сақтауы керектігі айтылды.
Агенттік мәліметінше, жер сілкінісі Джакарта, Бекаси, Богоре және басқа да аймақтарда сезілген. Жер асты дүмпуінің ошағы - Чианджур қаласы ел астанасы Джакартадан 75 шақырым жерде орналасқан.
Reuters агенттігінің мәліметінше, табиғи апат салдарынан 56 адам қаза тапқан. Мұны Батыс Ява губернаторы Ридван амил растады.Кемінде 700 адам зардап шеккен, 300-ден аса үй бүлінген не қирап қалған. Слндай-ақ Батыс Ява аралының аумағында жарық жоқ.
Айта кету керек, Индонезия белсенді жанартаулардың көпшілігі мен көптеген жер сілкіністерінің мекені болып табылатын Тынық мұхитының өрт сақинасында орналасуына байланысты сейсмикалық және жанартаулық белсенділікке жиі ұшырайды. Жыл сайын сейсмологтар мұнда магнитудасы 4,0-ден асатын алты-жеті мың жер сілкінісін тіркейді.