Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Инватакси қызметі әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қолжетімді болмақ
Жаңалықтар

Инватакси қызметі әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қолжетімді болмақ

23.07.2025
1 мин
0
311
Сурет: www.iapn.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі инватакси қызметін әлеуметтік қызметтер порталы арқылы көрсетуге мүмкіндік беретін заңға тәуелді актілерге түзетулер әзірледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Тиісті бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланып, 2025 жылғы 6 тамызға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.

Қазіргі таңда инватакси қызметі жергілікті атқарушы органдар арқылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында көрсетіледі. Ал жаңа формат енгізілген жағдайда, мүгедектігі бар азаматтар көлік жеткізушіні өз қажеттілігіне сай таңдай алады, көлікті өз бетінше шақырып, қызмет сапасын бақылауға мүмкіндік алады. Сондай-ақ бұл тәсіл қызмет көрсету уақытын қысқартып, үдерістің ашықтығын қамтамасыз етеді.

Инватакси қызметі үшін төлем бұрынғыдай жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Жаңа форматты 2025 жылдың күзіне қарай енгізу жоспарланып отыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл