Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Инватакси қызметі қалай жұмыс істейді?
Жаңалықтар

Инватакси қызметі қалай жұмыс істейді?

30.01.2024
1 мин
1
910
Фото: gov.kz

Инватакси қызметтері мүгедек адамдарға, оның ішінде жеке көмекшінің қызметімен және кресло-арбамен қамтамасыз етуге медициналық көрсеткіштері бар балаларға ұсынылады.

Аталған пилоттық жобаны іске асыру аясында 2023 жылы Астана мен Алматыда бұл қызмет 53,9 мың рет көрсетілген.

Бүгінгі таңда екі қалада пилоттық жобаға 639 адам қатысуда.

Бұдан бұрын хабарлағандай, инватакси қызметінің сапасы мен көрсету жылдамдығын арттыру мақсатында Еңбекмині әкімдіктермен бірлесіп осы қызметтің тетігіне өзгерту енгізу туралы шешім қабылдады. Мысалы, азаматтарға қызмет алудан бір күн бұрын телефон арқылы жазылу қажет, бұл өз сапарларын алдын ала жоспарлауға, инватакси беруді күтуге мәжбүр етеді, инватакси қызметтерін ұсыну үшін көлік құралдарының жетіспеушілігі және т. б. мәселелер бар.

Шарттарды жеңілдету үшін осы қызметті көрсетуге қатысуға тиісті сұраныс алған такси агрегаторларын тарту бойынша пилоттық жобаға бастама жасалды.

Мұндағы басты шарт сапарлардың ақысынан пайыздың болмауы, олар әдетте агрегатор платформаларының пайдасына аударылатын. Яндекс компаниясы пилоттық жобаға өтеусіз негізде қатысуға ниет білдірді.

Пилоттық жоба шеңберінде азаматтар Яндекс Go мобильді қосымшасы арқылы Инватакси қызметін қолдана алады. Бұл қызметті алушы үшін көлікті тезірек таңдауға, онлайн режимінде тапсырыс мәртебесін қадағалауға және жасалған сапарларға мониторинг жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Аталған қосымшада мүгедектігі бар адамдар жүргізушіге сапардағы ерекше қажеттіліктері туралы ескертуі үшін арнайы мүмкіндіктер экраны іске қосылды. Өз кезегінде, жүргізушілер адамды көлікке отырғызу және одан түсуде қалай көмек көрсетуге болатын секілді арнайы нұсқаулар алады.

Пилоттық жобаға алғашқы кезеңде Астана және Алматы қалаларынан мүгедектігі бар адамдардың фокус-тобы қатысады.

Жоба 2024 жылы да жалғасады, болашақта жаңа форматта қызмет көрсетуді мүгедектігі бар адамдардың басқа топтарына кеңейту және елдің барлық өңірлерінде кеңінен қолдану жоспарлануда.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
А
Арайлым Атеева. 31.01.2024
Инва такси жаксы болган. Ендиги Яндекс такси болганын кутемиз.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл