Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Ирактағы Русафа түрмесінде отырған алты қазақстандық әйел аштық жариялаған, деп хабарлайды Dauletten.kz.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Ирактағы «Русафа» түрмесінде отырған алты қазақстандық әйел аштық жариялаған, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте жақында Ирактан қазақ балаларын әкелу бойынша арнайы операция жүргізілгенін айтылды.
«Сәуірдің 24-і күні Қазақстанның Иорданиядағы елшілігіне Ирак билігінің лаңкестік ұйым қызметіне қатысқаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру үкіміне наразылық ретінде бірнеше шетел азаматтары, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары аштық жариялағаны туралы хабар келіп түсті.
Тұтқындар экстрадициялау процедурасын тездетуді талап етуде», - деді Айбек Смадияров.
26 сәуірде Қазақстанның Иорданиядағы елшілігінің бастамасымен Русафа түрмесінің судьясымен және ЮНИСЕФ-тің Ирактағы өкілдігінің балаларды қорғау жөніндегі маманымен келіссөздер жүргізілді. Келіссөздер нәтижесінде Қазақстан азаматтарының құқықтарын сақтау туралы келісімге қол жеткізді.
фото: inbusiness.kz