Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Иран ядролық мәселеге қатысты келіссөздерге қайта оралуға дайын екенін мәлімдеді
Жаңалықтар

Иран ядролық мәселеге қатысты келіссөздерге қайта оралуға дайын екенін мәлімдеді

21.06.2025
1 мин
0
373

Иран ядролық мәселеге қатысты келіссөздерге қайта оралуға дайын екенін мәлімдеді. Алайда бұл үшін алдымен агрессияны тоқтату қажет. Бұл туралы Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Аббас Аракчи NBC News арнасына берген сұхбатында айтты, - деп жазады Dauletten.kz.

- Дипломатия бұрын да нәтижелі болған, болашақта да нәтиже береді. Бірақ оған қайта оралу үшін алдымен қақтығыстар тоқтауы тиіс, – деді Иран сыртқы істер ведомствосының өкілі. Оның айтуынша, Тегеран 2015 жылғыдай келіссөздер арқылы ядролық дауды шешуге толық дайын.

Аракчи Израильдің дипломатиялық жолды қолдамайтынын атап өтті. Сонымен қатар, АҚШ-тың Израиль шабуылына араласуы жағдайды одан әрі ушықтыруы мүмкін екенін жеткізді.

- Бұл бүкіл әлем үшін өте қауіпті әрі өкінішті жағдай болар еді. АҚШ осы қақтығысқа ықпал ете алады. Тель-Авивке Вашингтоннан бір ғана телефон қоңырау соғылса жеткілікті, – деді ол.

Министр АҚШ Израильдің әскери іс-қимылына тікелей қатысатын болса, Иран аймақтағы америкалық күштерге жауап беруге мәжбүр болатынын ескертті.

- Соғыс кезінде қарсы шабуыл – заңды әрекет. Әр мемлекеттің өзін-өзі қорғауға құқығы бар, – деп мәлімдеді Аракчи.

13 маусымда Израиль Иранның ядролық инфрақұрылымдары мен Ислам революциясы сақшылар корпусының жоғары қолбасшылығы шоғырланған бірнеше қалаға жойқын соққы берді. Нәтижесінде Иран Қарулы күштерінің Бас штабы басшысы, революция сақшыларының бас қолбасшысы және ядролық зерттеулермен айналысқан бірқатар мамандар мерт болды.

Иран бұл әрекетке жауап ретінде зымырандар мен дрондар арқылы қарсы шабуыл жасады. Екі тараптың соққылары бейбіт тұрғындарға да тиіп, адам шығыны көбейіп келеді.

Иран Денсаулық сақтау министрлігінің 21 маусымдағы мәліметінше, Израиль шабуылдарынан 430 бейбіт тұрғын қаза тауып, 3500-ге жуық адам жараланған. Израиль жағы да ирандық шабуылдардан 20-дан астам адамның қаза болғанын, 1200-ден астам адамның жараланғанын хабарлады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл