Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Иранның Табас қаласындағы көмір шахтасында болған жарылыстан 51 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Dauletten.kz Mehr агенттігіне сілтеме жасап.
Шахтада тағы 20 шақты жұмысшы жараланды.
Қайғылы оқиғаға шахтаның екі блогында метан газының тарауы себеп болған. Апат алдында В және С блоктарында 69 адам жұмыс істеп жатқан. Үйінді астында қанша адамның қалып қойғаны әзірге белгісіз. Ел президенті Масуд Пезешкиан бар күшті құтқару операцияларына салуға және құрбандардың туыстарына көмек көрсетуге бұйрық беріп, тергеудің басталғанын мәлімдеді. Жарақат алған жұмысшыларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр.