| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Иранды 36 жыл басқарған Әли Хаменеидің қазасы ресми түрде расталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Иранның мемлекеттік ақпарат агенттіктері жексенбі күні елдің жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеидің қаза тапқаны туралы хабар таратты. Tasnim, IRNA, ISNA, Mehr және Fars басылымдарының мәліметінше, ол резиденциясындағы жұмыс орнында көз жұмған.
Ресми ақпаратта бұл оқиға АҚШ пен Израиль жүргізген әскери операциямен байланысты екені айтылған. Сонымен қатар мемлекеттік БАҚ аятолланың бірнеше отбасы мүшесі де мерт болғанын хабарлады.
Ел билігі 40 күндік жалпыұлттық аза тұту жариялағаны белгілі болды. Әли Хаменеи Иранды 36 жыл бойы басқарған еді.