АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы басталған әскери қимылдар шамамен бір айға жалғасуы ықтимал екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оның айтуынша, операция төрт аптаға дейін созылуы мүмкін, дегенмен жағдайдың дамуына қарай бұдан ертерек аяқталуы да ғажап емес.
Айта кетейік, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль күштері Иран аумағына соққы жасаған еді.
Шабуыл кезінде Иранды ұзақ жылдар бойы басқарған аятолла Әли Хаменеи 86 жасында көз жұмды. Осы оқиғадан кейін елде 40 күндік аза тұту жарияланды.
Қазіргі уақытта жаңа рухани көшбасшы тағайындалғанға дейін президент Масуд Пезешкиан уақытша мемлекет басшысы міндетін атқарады. Ал сот жүйесін Голям Хосейн Мохсени-Эджеи басқарады. Сонымен қатар Конституция сақшылар кеңесінің мүшесі аятолла Алиреза Арафи де ел басқару құрылымында маңызды рөлге ие.