Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Израиль қорғаныс армиясы 13 маусымға қараған түні Иран аумағындағы әскери нысандарға қарсы әуе операцияларын бастады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Иранның мемлекеттік ақпарат құралдары Тегеранның солтүстік-шығыс бөлігінде жарылыс болғанын хабарлады.
Израиль тарапы бұл шабуылдарды "алдын алу мақсатында жасалған операция" деп атап, оның негізгі мақсаты — Иранның ядролық бағдарламасын тежеу екенін мәлімдеді. Елде төтенше жағдай жарияланып, әуе кеңістігі уақытша жабылды.
Шабуыл салдарынан Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусының басшысы Хосейн Салами қаза тапты. Сонымен қатар, бірнеше жоғары шенді офицер мен ядролық физиктердің де мерт болғаны туралы ақпарат тарады.
Тегеран, Натанс және Хамедан қалаларына әуедегі соққы жасалғаны расталды.
Осы оқиғадан кейін мұнай бағасы өсе бастады.
Иранның жоғары әскери басшылығы Израильдің ел аумағына жасаған әуе соққыларына қатаң жауап қайтарылатынын хабарлады.