Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Кальянға толық тыйым салу: Денсаулық сақтау министрлігі егжей-тегжейін хабарлады
Жаңалықтар

Кальянға толық тыйым салу: Денсаулық сақтау министрлігі егжей-тегжейін хабарлады

03.11.2024
1 мин
0
1029
Сурет: Istockphoto/iiievgeniy

Қазақстанда кальян сату мен оны шегуге толық тыйым салынуы мүмкін бе деген сұраққа Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі қазіргі уақытта қоғамдық орындарда кальян сату мәселесі талқыланып жатқанын мәлімдеді.

- Кальянды жаппай тұтынуға байланысты реттеуді күшейту қажеттілігі туындады. Кальянға арналған темекі, кальян қоспасын (сату мен тұтыну) реттеуді күшейту мәселесі, сондай-ақ оларды тұтынуды азайту бойынша алдын алу шаралары талқылану сатысында, - деп атап өтті министрлік.

Қазақстанда қоғамдық орындарда кальян шегуге заңмен тыйым салынған. Алайда оны сатуға әлі де тыйым салынбаған. Яғни, мекемелерде кальян сатуға болады, бірақ оларды жеке тұрғын үйден тыс жерлерде шегуге болмайды.

- Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, реттеушілік әсерді талдау жүргізу қажет. Заңнамаға енгізілетін норма жобасы, реттеуші мемлекеттік органды анықтау, айыппұл мөлшерін өзгерту қажеттілігі реттеушілік әсерді талдау аясында қаралады. реттеушілік әсерді талдау әзірлеу аяқталғаннан кейін бизнес өкілдерінің қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өткізіледі, - деп қосты министрлік.

Естеріңізге сала кетейік, көктемде Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда кальянға толық тыйым салу мәселесін талқылап жатқанын мәлімдеген болатын. Министрлік өкілдерінің пікірінше, қазақстандықтар кальян шегуге тыйым салу туралы заңды сақтамайды, себебі айыппұлдар көлемі жеткіліксіз.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл