Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Камчатка жағалауында бір сағат ішінде сегіз жер сілкінісі тіркелді
Жаңалықтар

Камчатка жағалауында бір сағат ішінде сегіз жер сілкінісі тіркелді

31.07.2025
мин
0
285
Сурет: Сергей Фадеичев/ ТАСС

Камчаткадағы Ресей ғылым академиясының Біріккен геофизикалық қызметінің филиалы Telegram-арнасында түбек жағалауында бірқатар жер сілкінісі болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 4,5 пен 6,7 аралығында болды.

30 шілдеде Камчатка өлкесінде 1952 жылдан бергі ең күшті жер сілкінісі тіркелді. Түрлі мәліметтерге сәйкес, оның магнитудасы 8,7-ге жеткен. Солтүстік Курильсктің жағалау аймағына цунами соққы берді. Сонымен қатар, тынықмұхиттық аймақтағы бірқатар елдерде цунами қаупі жарияланды.

Чилиде толқындардың биіктігі 2,5 метрге дейін жетті. Жапонияда шамамен 2 миллион адамға эвакуациялануға жөнінде кеңес берілді. Гавай аралдарында 1,2 метрге дейінгі толқындар тіркелді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Жаңа Зеландия парламентінің депутаттары Камчаткадағы жер сілкінісінен кейінгі цунами туралы ескертуге байланысты отырысты тоқтатуға мәжбүр болды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл