| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда зейнетақы төлемдері жаңа қағидалар бойынша жүргізіледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстанда міндетті кәсіби зейнетақы жарналарына (МКЗЖ) қатысты ережелер жаңартылады. Өзгерістер 2025 жылдың 7 қарашасында қабылданған Үкімет қаулысымен бекітіліп, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Жаңа тәртіпке сай, енді кәсіби зейнетақы жарналары қызметкердің Салық кодексінде көрсетілген барлық айлық кірістерінен есептеледі. Дегенмен кейбір төлемдер есепке алынбайды. Оларға жеке табыс болып саналмайтын төлемдер мен табыс мөлшерін азайтатын төлемдер жатады.
Міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының төлемдері жұмыс берушінің еңбекақы қорынаенгізіледі.
Жаңашылдықтар мыналарды қамтиды:
- Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) мен МКЗЖ есептелмейтін төлемдер мен кірістер тізімі нақтыланды;
- Онлайн-платформалар мен мобильді қосымшалар арқылы қызмет көрсететін азаматтар үшін жарна төлеуші ретінде платформалық оператор белгіленді;
- Арнайы салық режимін (СНР) қолданатын кәсіпкерлер үшін жарнаны есептеу мен төлеудің жаңа тәртібі бекітілді;
- МЗЖ және МКЗЖ бойынша 6 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) артық қарыз болған жағдайда, оны өтеу және бақылау ережелері нақты белгіленді.
Жаңа қаулыға сәйкес, егер агенттің зейнетақы жарналары бойынша берешегі 6 АЕК-тен асып кетсе, ол 15 жұмыс күні ішінде Мемлекеттік кірістер органына есеп беруге міндетті. Ал кірістер органдары 5 жұмыс күні ішінде тиісті хабарламаны жолдап, мәліметті Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) жеткізеді.
Егер қарыз белгіленген мерзімде өтелмесе, 10 жұмыс күнінен кейін агенттің банктік шоттары мен кассасындағы шығыс операциялары уақытша тоқтатылады.
Жаңа талаптар 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.