Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Каспий жағалауында 150-ден астам қырылып қалған итбалықтар табылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл туралы жергілікті блогер Азамат Сәрсенбаев Instagram-парақшасында хабарлады. Оның ақпараты бойынша қызыл кітапқа енген жүздеген итбалық жақында Түпқараған ауданы Баутин ауылы аймағында болған дауылдан кейін жағаға шыққан. Ғалымдардың есебінше, 151 өлі итбалық табылған.
Қазір сол өңірде итбалықтарды зерттеп жатқан ғалымдардың сөзінше, кейбірінің жарақаты бары анықталған. Олардың неден қырылғаны әлі белгісіз, - деді Сәрсенбаев.
Ауыл шаруашылығы министрлігі итбалықтар неден қырылғаны зертханадағы зерттеулерден кейін белгілі болмақ деді.
Каспий итбалықтарын зерттеп жүрген Әсел Баймұқанова Instagram-парақшасында жағаға шыққан бір итбалықтан сынамалар алынды деп хабарлады. Ол бойынша анализ жасала ма, жоқ па, зертханада белгілі болады деді Баймұқанова.