Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Казиноға барған шенеуніктердің 507 млн теңге ұтылғаны рас па?
Жаңалықтар

Казиноға барған шенеуніктердің 507 млн теңге ұтылғаны рас па?

02.11.2022
2 мин
0
752

Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жекелеген мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысу мәселелері бойынша тиісті тексерулер жүргізіп жатыр деп хабарлайды Dauletten.kz сайты, Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомство мемлекеттік қызметшілер тарапынан бұзушылық анықталған жағдайларда, нақты шаралар қолданылатынын мәлімдеді.

"Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде айқындалған"-, деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі.

Кодекске сәйкес, мемлекеттік қызметшілер қызметінде мемлекеттік биліктің беделіне және мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекеттерге бармай, кез келген жағдайда әдеп нормаларын сақтап, бірінші кезекте елдің, мемлекеттің мүддесіне қызмет етуі тиіс.

"Атап өту керек, Агенттікпен және әдеп жөніндегі уәкілдермен мемлекеттік қызметшілермен әдеп нормаларын сақтау бойынша профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде іске асырылады"-, деп хабарлады ҚР МҚІА Баспасөз қызметі.

2022 жылғы 19 қазанда Алматы облысындағы казинода мемлекеттік қызметкерлер 507 миллион теңге ұтқызғаны мәлім болды. Алматы облысы прокуратурасының мәліметінше, түрлі өңірлерден 305 шенеунік мемлекеттік қызметте жүргенде ойынханаларға барып, ақша тіккен.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл