Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Келер жылы мұғалімдер жалақысы қанша теңге болмақ
Жаңалықтар

Келер жылы мұғалімдер жалақысы қанша теңге болмақ

04.10.2021
1 мин
1
1837

Нұр-Сұлтанда 2022 жылы мұғалімдердің жалақысы 25%-ке артады. Соңғы екі жылда мұғалімдердің айлығы елу процентке артқан, деп хабарлады  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, қаланың 143 мектебінде, оның ішінде мемлекеттік, жекеменшік, республикалық мекемелерде 17 981 мұғалім жұмыс істейді.

"Ұстаз мәртебесі туралы" заң қабылданғаннан кейін педагогтердің еңбекақысы жыл сайын көтеріле бастады. Мәселен, елордалық мұғалімдердің жалақысы соңғы екі жылда - 2020/2021 жылдары 50%-ке өсті. 2022 жылы педагогтердің жалақысы тағы 25%-ке артады", - делінген ресми хабарламада. 

Елорда педагогтерінің алдында білім берудің әлемдік стандарттарына сәйкес оқыту тәсілдерін қайта қарау, сондай-ақ бар бағдарламаларды жетілдіруде үлкен міндет тұр.

Осыған байланысты Нұр-Сұлтанда "SHARE" халықаралық жобасы іске асырылуда, оның мақсаты педагогтердің зерттеу қызметі нәтижесінде анықталған менеджмент пен оқытуға өзгерістерді енгізу арқылы білім беру сапасын арттыру болып саналады.

2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жобаға қаланың 5 мектебі қатысады: №37, 58, 59, 67, 76.

Жобаны іске асыру барысында Кембридж университетінің білім беру факультетінің басшылығымен бірлескен жұмыс жүргізілуде. Елорданың 5 мектебінен 25 мұғалім Кембридждік әріптестерінен білім алды.

Білім беру жүйесінің сапалы кадрларын даярлау мақсатында ЖОО-ларда педагогикалық мамандықтарға бөлінетін гранттар саны ұлғаюда. Мысалы, биыл Астана Халықаралық университетіне түсу үшін талапкерлерден құжаттар қабылданып, онда педагогикалық мамандықтар бойынша 515 грант орналастырылды.

Аттестаттау қорытындысы бойынша мұғалімдерге педагогикалық шеберлігі үшін 30%-дан 50%-ға дейін, білім беру ұйымдарының басшылары мен басшы орынбасарлары үшін лауазымдық жалақысының 30%-дан 100%-ға дейін қосымша ақы төлеу көзделген. 

Педагогтердің өз салаларындағы жетістіктері жеке көтермеленеді.

Жайлы тұрғын үй жағдайлары да жасалуда

2019 жылы "Туған жер" бағдарламасы аясында жас мұғалімдерге арналған 350 орындық жатақхана салынды. Орын елордалық білім беруді дамытуға үлес қосу үшін Қазақстанның басқа өңірлерінен келген педагогтерге беріледі. Сонымен қатар, мұғалімдерге тұрғын үй сатып алуға бастапқы жарна төлеу үшін тұрғын үй сертификаттары беріледі.

Айта кету керек, биылғы оқу жылында республикалық "Үздік педагог" байқауында елорданың 5 мұғалімі жеңімпаз атанды.

"Бүгінгі таңда мұғалімдеріміз еліміздің білім беру процесіне ғана емес, сонымен қатар әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялауға бағытталған", - деп атап өтті елордалық Білім басқармасынан.

Айлық шығыныңыздың басым бөлігі қайда кетеді?
15358 адам
Азық-түлікке 0%
Киімге 0%
Пәтерге 0%
Көлік шығындарына 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Ж
Жадыра 04.10.2021
Аилык кобеитеткенен не паида азык тулик ким кешек кымбат кредит биржагы
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл