| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында келесі жылы Астанада жаңа әуежайдың құрылысы басталатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Президенттің айтуынша, жобаға осы саладағы әлемдік ірі компаниялардың бірі тартылады.
Сондай-ақ елімізде бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүргізіліп жатыр. Арқалықтағы әуежайды қалпына келтіру жұмыстары аяқталған. Алдағы уақытта Зайсан, Катонқарағай және Кендірлі әуежайлары іске қосылады.
Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуразиядағы негізгі көлік хабы ретіндегі орнын нығайту үшін көлік саласын цифрландыру қажеттігін атап өтті. Оның ішінде халықаралық бағыттарды цифрландыруға ерекше мән беру керек.
Президент жасанды интеллект дәуірінде жаһандық транзит ағындарын қағаз құжаттар арқылы басқару тиімсіз екенін айтты.