Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Кейбір азаматтар елімізді мазақ қылуға әуестеніп барады – Президент
Жаңалықтар

Кейбір азаматтар елімізді мазақ қылуға әуестеніп барады – Президент

28.01.2025
1 мин
0
105
Сурет: Aqorda

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстанда жан-жақты әзірленген қоғамдық коммуникация стратегиясы қажеттігін атап өтті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев мәжбүрлеу шаралары болмаса, тәртіп орнату мүмкін емес екенін әлемдік тәжірибе айқындап отырғанын атап өтті.

– Мәжбүрлеу шаралары болмаса, тәртіп орнату мүмкін емес екенін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Сондықтан мемлекеттің іс-әрекеттеріне түсіністікпен қараған жөн. Бұл орайда диалог арқылы қоғамдық келісімге келу керек. Қалай десек те, мемлекет заң тәртібін қамтамасыз ету үшін қабылдайтын шаралар өз елін күстәналауға себеп болмауға тиіс, - деді Президент.

Сондай-ақ Презижент кейбір азаматтардың елімізді мазақ етуге әуес болып бара жатқанын айтты.

– Мысалы, өзге елдердің өкілдері жоқ жерден "керемет жетістіктерді, табыстарды" тауып алып, оны шетелге жан-жақты насихаттап жатады. Ал біздің азаматтар, олардың ішінде шоу-бизнес өкілдері, өзін өзі "қоғам белсендісі" санайтын жастар, тіпті, депутаттар да бар, Қазақстанға неше түрлі лақап ат қоятын болды. Бұл енді мүлдем түсініксіз, ақылға сыймайтын нәрсе, - деп атап өтті Тоқаев.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл