Brent
100.41
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Халық әртісіне» берілетін үстемақы екі есеге артады
Жаңалықтар

«Халық әртісіне» берілетін үстемақы екі есеге артады

11.04.2023
1 мин
0
528

Елімізде «Қазақстанның халық әртісі»  атағына ие мәдениет қызметкерлеріне төленетін үстемақы мөлшері екі есеге артады деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ақпарат мәдениет және спорт министрлігінің ақпаратына сүйенсек, бұл атаққа ие азаматтарға базалық лауазымдық еңбекақының 100 пайыз мөлшерінде үстемеақы төленеді. Қаулы жобасы бүгінгі Үкімет отырысында бекітілген. 

Құрметті атаққа лайық мәдениет қайраткерлері Республика күні қарсанында марапатталады.

Құрметті атақ еліміздің театр, цирк, музыка және кино өнерін дамытуға ерекше үлес қосқан, осыған дейін «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» немесе «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болған мәдениет қызметкерлеріне беріледі.

«Қазақстанның халық әртісі» атағын қайта беру мемлекет тарапынан өнер қайраткерлерінің еңбегін бағалауға, кәсіби қасиеттерін дамыту және жетілдіруге, кәсіби шеберлік деңгейін арттыруға және жаңа өнер туындыларын жасауға ынталандыруға, жас буынның шығармашылық өсуіне және ұрпақтар сабақтастығына қызығушылық арттыруға ықпал етеді», - деді Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

фото: egemen.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
126
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл