Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Кімдер зейнетке мерзімінен бұрын шыға алады?
Жаңалықтар

Кімдер зейнетке мерзімінен бұрын шыға алады?

21.07.2025
мин
2
1294
Сурет: pixabay.com

Кімдер зейнетке мерзімінен бұрын шыға алады? Еңбек министрлігі айтып берді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазіргі таңда Қазақстанда зейнетке шығу жасы ер адамдар үшін – 63 жас, әйелдер үшін – 61 жас болып белгіленген. Алайда кейбір азаматтар бұл жасқа жетпей-ақ зейнетке шығуға құқылы.

Massaget.kz ақпаратынша, әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының басшысы Әнел Шенееваның айтуынша, Әлеуметтік кодекске сәйкес, бес және одан да көп баланы туған әрі оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген аналар 53 жаста зейнетке шыға алады.

Сонымен қатар Президенттің тапсырмасына сәйкес, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап, еңбек жағдайы зиянды өндірістерде жұмыс істейтін қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын арттыру мақсатында арнайы әлеуметтік төлемдер тағайындалады.

- Мұндай төлемді алу құқығына азаматтар 55 жасқа толғанда және кемінде жеті жыл бойы міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын төлеген жағдайда ие болады. Осылайша, бұл санаттағы жұмысшылар зиянды еңбек жағдайларынан босап, зейнет жасына жеткенге дейін арнайы әлеуметтік төлем алуға құқылы, – деп түсіндірді Шенеева.

Бұдан бөлек, құқық қорғау органдарының қызметкерлері де еңбек өтілі бойынша ерте зейнетке шығу құқығына ие.

- Мұндай зейнетақыны тағайындауды әр қызметкердің ведомствосына байланысты тиісті мемлекеттік органдар жүзеге асырады, – деп толықтырды министрлік.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
А
Айғаным 21.07.2025
Медицина қызметкерлерінде ерте шығару керек деп ойлаймын
Жауап беру
А
Айжан 21.07.2025
3 ші топ мүгедектерін де 55 жастан бастап шығарса ғой, әйтпесе 61 ге дейін денсаулық кемейді, істемейін десе 55 мың жәрдемақы дәрі, ем шарадан аспайды, осыны ескерсе
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл