Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Кітапханашылар күні — бұл мәдениет пен білімге қызмет еткен мамандарға арналған мереке. Кітапханашылар тек кітаптарды сақтап қана қоймай, оқырмандарды ақпаратпен қамтамасыз ететін маңызды тұлғалар. Қазақстанда жыл сайын 24 қазанда Кітапханашылар күні аталып өтіледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазіргі заманда кітапханашылардың рөлі өзгеріп, олар цифрлық білім беру, электронды кітаптарды қолдану және онлайн ресурстарды басқару бойынша жаңа дағдыларды игеруде. Кітапханалар білім, рухани байлықтың ошағы ретінде қоғамның дамуына зор үлес қосуда, ал кітапханашылар сол процестің негізгі тірегі екені сөзсіз.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, елімізде 12 мыңға жуық кітапхана бар, олардың 4 мыңға жуығы министрліктің қарамағында. Аталған кітапханаларда 9,5 мыңнан астам кітапханашы 73 миллионға жуық кітапты сақтаумен айналысады.
2020-2024 жылдар аралығында кітапхана пайдаланушыларының саны 3 миллионнан 5 миллионға өсті. Электронды кітаптар мен құжаттарға жыл сайын әлемнің 110 елінің пайдаланушылары жүгінеді.
Министрлік кітапханаларды жаңғырту, оларды жабдықтау мен қорларды толықтыру жұмыстарын жалғастырып жатыр. "Қазақстандық ұлттық электрондық кітапхана" жобасы айтарлықтай дамып келеді.