Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Көбейтұз және тұрмыс: «Қазақстандықтардың орташа кірісін арттыру керек»
Маман пікірі

Көбейтұз және тұрмыс: «Қазақстандықтардың орташа кірісін арттыру керек»

23.07.2020
1 мин
40
6347

Соңғы уақытта елорда маңында орналасқан күлгін түсті Көбейтұзға қатысты ақпарат көп. Instagram желісінде екі күн бұрын Көбейтұз көлінің тұзы 5 мың теңгеден саудаланып, адамдардың тұзды шелектеп әкетіп жатқаны тарады. Ал бүгін көлдің жалға берілетіні жайлы ақпарат шықты. Бірнеше сағаттан кейін Ақмола облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы  аталған нысанды жалға бермейтінін хабарлады.

Көбейтұзға қатысты жағдай әлеуметтік желілерде мемлекет пен қоғамға қатысты түрлі пікірлердің жариялануына себеп болды. Назарларыңызға мәдениет пен тұрмыстың байланысын шебер көрсеткен Әмірхан Омаровтың пікірін ұсынамыз.

«Еліміздегі түрлі ақпарат көздеріне сүйенсек, Қазақстан халқының 90 пайызы 100 мың теңге немесе одан да аз жалақы алады. Бұл дегеніміз 200-250 доллар. Қазақстандықтар табысының жартысын тамаққа жұмсайды. Мысалға алатын болсақ, Батыс Еуропада халық табысының 10-12%-ын азық-түлікке жұмсаса, Шығыс Еуропа тұрғындары жалақының 20-25%-ын ғана жұмсайды.  

Елімізде халық табысының қалған жартысы жалдамалы пәтерге, коммуналдық қызметтер мен киім-кешекке кетеді. Өзін сапалы білім мен медицина қызметімен қамтамасыз етуге қарапайым қазақстандықтың қаржылық мүмкіндігі жоқ. Ал қазіргі індет жағдайындағы емханаларда орын жетіспеуі, дәрілер мен медициналық заттардың жоқтығы тіпті қиын. Егер адам коронавирус жұқтырса, дәрі-дәрмектер, дәрігер кеңесі мен мейірбике қызметін есептегенде бір аптадағы емдеу құны кем дегенде 80-100 мың теңгені құрайды.

Ал мемлекет жолыңыз болған жағдайда 42 500 теңге көлемінде жәрдемақы береді. Бірақ бұл сома шығындардың жартысын да жаппайды. Мұны не үшін айтып отырмын? Себебі адамдардың табиғатқа аяушылық танытуға, экологияны ойлауға, әйелдер құқығын қорғауға және әлемнің алға қоятын басты проблемаларына бас қатыруға уақыттары жоқ. Бұл сұрақтар маңызды, бірақ адамның негізгі қажеттіліктері шешілген соң ғана.

Бір қарағанда мәдениет пен табыс деңгейінің арасында тікелей байланыс жоқ сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ кіріс деңгейі дамыған елдер қашанда жоғарыда аталған мәселелерге көбірек мән береді. Егер Көбейтұздағы жағдайды талқылайтындай ақылды әрі саналы болсақ, алдымен қазақстандықтардың орташа кірісін арттыру тетіктерін ойластырайық».

Соңғы кезде қызу талқыға түсіп жүрген Көбейтұздағы мәселенің маңызды екені рас. Алайда Әмірхан Омаров айтпақшы, күнкөріс деңгейімізді көтермей тұрып, қоршаған орта жағдайына жеткілікті дәрежеде мән бере алмайтынымыз да ащы шындық. Себебі «Сананы тұрмыс билейді», ал тұрмысты түзеу өз қолымызда.  

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
40 Пікір
У
Улбала 27.07.2020
Сатсын, сатып тастасын, мен бірнәрсе айтқанмен мені тыңдайтынба едіңдер. Пікіріңіз деп қойыпты ғой өздерінше.
Жауап беру
Л
Ләззат 24.07.2020
Бір кино фильмінен көрген едім елінде тұздың тапшылығы орнап ел ауыруға ұшырап саудагер көпестер зат алмасып басқа елден тұз тасып жол жөнекей қаншама қарақшылармен арпалысып елінің қамын жасап әлсіреген елін ауырудан сақтап аман алып қалған..
Жауап беру
А
Ақтілек 25.07.2020
Ханзада Жумонг сериалында дәл сондай жағдай бар
Жауап беру
Г
Гүлнұр 24.07.2020
Оте дурыс айтасыз
Жауап беру
К
Куралай 23.07.2020
Шындық арине, өкінішті... балық басынан шіриді. елін, жерін ойлайтын адам болу керек билік басында, НАНның құрыған системасы кетіп
Жауап беру
З
Зауре 23.07.2020
Қоршаған ортаны ойлауға қарапайым халқымның ойлауға шамасы жоқ. Себебі өз үй ішіндегі проблемадан бас көтере алмай жатырмыз. Қарапайым ауырмаған күннің өзінде қосымша витаминдер алып ішіп жеуге ақша таппай сан ұрып жүрген халықыма жаным ашиды.
Жауап беру
Г
Гүлзат 23.07.2020
Өкінішті, бірақ, дұрыс айтасыз!
Жауап беру
Г
Гаухар 23.07.2020
Халыкта акша жок бала шага асырау керек или кредит толеу керек арине сондай кадамга барады калай болсада акша табу керек
Жауап беру
А
Алия 23.07.2020
Егер халықтың жағдайы жақсы болса,қоршаған ортаға ,яғни табиғатқа көңіл бөлінеді.
Жауап беру
М
Меруерт 23.07.2020
Балык бастан шириды демекшы биришы жогаргы бииликтер пейлдерын туземок халыкта тузелер! Алдынгы вагон калай журсе сонша вагон да солай журмей ме?! Казактын макалдары жайдан жай айтылмайды!!!
Жауап беру
Н
Нуржамал 23.07.2020
Халыктын жағдайы жаксы болсын жаман болсын коршаған ортаға ешкандай зиянын тигызбеу керек табиғатты қорғау керек казыргы кезде адамдардың пейылдеры жаман болып кеткен адамдардың пейылы жаксы болса ешкандай ештеңе болмайды бурынгы ата-бабаларымыз сол кагиданы устаган,сол кезде будан да жаксы болмаған ғой билмейм казыр бары ашкөз болып кеткен тек өздерін ғана ойлайды сабыр етсе бары болады.
Жауап беру
С
Сандугаш 23.07.2020
Өте дрыс халыктың жагдайы жаксы болса, табигатка ешкандай зиян келтирмейді
Жауап беру
Г
Гулмира 23.07.2020
Оте дурыс айтылган,бари жаксы болса,табигатка зиян келтирмейди гой адамдар,конкорис кой ,,,,,,.
Жауап беру
Э
Эльмира 23.07.2020
Оте дурыс айтылган халык ишер асына кунделикти кун корисине жагдай жасай алмай жургенде табигатты ойлайтын уакыты жок
Жауап беру
С
Саламат 23.07.2020
Оте орынды айтылган создер
Жауап беру
Г
ГУЛНУР 23.07.2020
Өте дұрыс айтасыз күн көру қиындап кетті ақша жоқ жұмыс жоқ халық не істерін білмей жатыр бірдеңе жасау керек үкімет
Жауап беру
Б
Балым 23.07.2020
Дұрыс айтылған мақалада Қазақстанда өмір сүру қиын болып кетті, жалақыны көтермесе азық-түліктің, т.б ды арзандатсын, баланың ақшасын 3 жасқа дейін ұзартсын....
Жауап беру
Б
Балым 23.07.2020
Дұрыс айтылған мақалада Қазақстанда өмір сүру қиын болып кетті, жалақыны көтермесе азық-түліктің, т.б ды арзандатсын, баланың ақшасын 3 жасқа дейін ұзартсын....
Жауап беру
Б
Балым 23.07.2020
Дұрыс айтылған мақалада Қазақстанда өмір сүру қиын болып кетті, жалақыны көтермесе азық-түліктің, т.б ды арзандатсын
Жауап беру
Г
Гаухар 23.07.2020
Пенсионерлерге ешкандаи комек жок , пенсиямыздын 50мыны квартирага кетеди калганы тамакгымызгада жетпеиди сонда баска кажетти заттарымызды неге аламыз ? Елдин барин бирдеи кылып берсе берип жаткан акшаларын .Пенсионерге берилген соц пакеттиде алмадык .Халыкты алалаудын кажети жок ешкимде онып отырган жок. Ал кызым 2 баласы бар укиметтен ешкандат акша алып отырган жок , акша барлык балаларга берилсин.
Жауап беру
Б
Бахыткуль 23.07.2020
мен озым де жалгыз басты анамын .2019 жылы 1 рет мемлекет жумысына жалданып,когамдык жумысберды .колыма 52000 тенге тиетын .онын 25000 бырден патер акыга ,10000онайга балам екеуымыздын,1000 светке,4000 телефонга есептеп корыныз.не калды.балм колледжде окиды .не киымге не тамакка
Жауап беру
А
Айгуль 22.07.2020
Мен бирден айткам осы туралы пост шыканда.Халыкжетискеннентуз аркалап сатып журген жок.кун корис ушин осындайга барады.Айлыкты кобейту кере.бар табыысымыз тамакка ком услуга патер акыга кетеди.типти жетпейди.
Жауап беру
Б
Баян 22.07.2020
Жалакы аз. Бари кымбатшылык. Айдан айга арен жетип отырганда. Кредит калай толеймин деп бас катырып жургенде не до табигат болады гой. Даже жан жагымызга карайтын уакыт жок
Жауап беру
А
Айна 22.07.2020
ЕЛІМІЗДЕ қанша қиын жағыдацлар болып жатыр.Қымбатшылық.Азық түлік,киім кеншек, дәрі дәрмек поезд ,ұшақ ,т б бәрі адам айтқысыз қымбаттапжатыр бірақ жалақы дым қосылмайды көтерілмейді.Жалақы дұрыс өмір сүруге жетпесе Халық бәріне барады Көбейтұз көлін де бернкетін кетірді ақша жасау үшін бәрін де ұрлап сатады.Қалыққа жанв ашымаса табиғаттвң байлығы сақта,табиғатты аяла деу бекршілік.Бұл киелі табиғаттың ерекше жаратылысын қорғау керек,бірақ халықты да қорғау керек.Аш адам ға бірдеңе деу артық .
Жауап беру
Р
Рая 22.07.2020
Мен т/ж байланысты жұмыссыз қалдым, бірақ 42 500 отказ келді. Себебі ай сайын 4 баланың ақшасын алып отырғаным үшін. Бұл балардың ақшасы жетпегендіктен жұмыс жасап жүрген едім. Шынымен жетпейді ғо, енді міне жұмысым да жоқ.
Жауап беру
С
Салтанат 22.07.2020
Менде де тура осы жағдай, 4 балаңа пособие аласың деп бермеді. 40мың пособиені 400000 деп есептеп отыр ау дим. 40мың өсіп қалған балалардың тамағына дажетпиді. Жұмысқа шығайын десем балам әлі кішкентай. 1,5жаста.
Жауап беру
С
Салта 22.07.2020
Жогары оку орындарының барлығын тегін кылу керек
Жауап беру
М
Мөлдір 22.07.2020
42500 теңгені қолдарына ұстатып базарға жіберу керек жоғарыдағыларды немесе супермаркетке көрейік не алып шығатындарын адамның қанын тірілей ішеді барғо
Жауап беру
Г
Гулнар 22.07.2020
Оте дурыс зарплат 50.60.ары кетсе 70мын тенге кв жалдаймз продук.кредит.кун кору оте киын продуктыны арзандату керек
Жауап беру
А
Айко 22.07.2020
Өте дұрыс. Жұмыссыз халық көп. Қазақтардың 80% жұмыссыз.
Жауап беру
Г
Гаухар 22.07.2020
Оте дурыс
Жауап беру
А
Айым 22.07.2020
Егер окимет турмысты туземесе, урлык-карлык тагы онын кокеси де болуы абден мумкин.
Жауап беру
А
Айгүл 22.07.2020
Оте дұрыс айтылган пікір толык келісемін
Жауап беру
Б
Багдагул 22.07.2020
Оте дурыс
Жауап беру
А
Анаргул 22.07.2020
Оте дурыс
Жауап беру
Н
Наргиза 22.07.2020
18000 екі балаға алам 42500 шықпайды екен маған сонда 18000 кімнің аузынан табасың
Жауап беру
А
Айдана 22.07.2020
Дурыс айтасыздар 42500 жетпек турмак алалмай отырмыз асп алатын от басына берлмеиди деиди
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл