493.36
572.84
6.29
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Көкшетауда ЖЭО құрылысы басталады: 2,5 мың адам жұмысқа тартылады
Жаңалықтар

Көкшетауда ЖЭО құрылысы басталады: 2,5 мың адам жұмысқа тартылады

05.03.2026
мин
0
157

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Президенттің энергетикалық қауіпсіздікті нығайту, жаңа қуат көздерін арттыру және өңір инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Көкшетау қаласында салынатын стратегиялық маңызы бар жылу электр орталығы (ЖЭО) жобасын жүзеге асыруға ерекше назар аударылды. Аталған нысан Мемлекет басшысы ерекше мән беріп отырған Семей және Өскемен қалаларындағы стансалармен қатар ЖЭО тізбесіне кіреді.

Құрылыс алаңын аралау кезінде Премьер-министр болашақ энергия нысанының техникалық параметрлері және жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты. «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов ЖЭО құрылысына ауданы 227 гектар жер телімі бөлінгенін, сондай-ақ күл-қож қалдықтарын жинайтын алаң үшін қосымша 130 гектар жер қарастырылғанын баяндады. Стансаның жобалық қуаты шамамен 240 МВт, ал жылу қуаты кемінде 520 Гкал/сағ болады7

Сонымен қатар қаланың келешектегі өсімі мен өңірдің қажеттіліктерін ескере отырып, қосымша су жылыту қазандықтарын орнату арқылы жылу қуатын тағы 300 Гкал/сағатқа дейін арттыру мүмкіндігі қарастырылуда.  Қазіргі уақытта бірқатар бастапқы жұмыс аяқталған. Атап айтқанда, күштік трансформатор орнатылып, уақытша жолдар мен құрылыс штабы салынды.

Қайрат Мақсұтовтың айтуынша, келесі айдан бастап жоба белсенді құрылыс кезеңіне өтеді. Жабдықтарды жеткізу 2027 жылдың І тоқсанына жоспарланған. Энергия нысандарының құрылысында шамамен 2,5 мың адам тартылады, ал пайдалануға беру кезеңінде 400-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылады.  Жоба аясында кәсіпорынның экологиялық қауіпсіздігіне ерекше мән берілген. ЖЭО-да «таза көмір» технологиясы енгізіледі.

Түтін газын кешенді тазарту жүйесі төмен эмиссиялы қыздырғыштар, катализаторлар және электр сүзгілерді қамтиды. Сонымен қатар түтін газдарын өңдеу кезінде құрылыс саласында пайдалануға жарамды гипс түзілетін күкірт тазарту реакторы орнатылады. Осылайша, станса ҚР Экологиялық кодексі талаптарына толық сәйкес болады.

Олжас Бектенов Көкшетау ЖЭО-сының құрылысы өңір инфрақұрылымын дамыту және оның өсіп келе жатқан қажеттіліктерін ескере отырып, халықты сапалы әрі үздіксіз жылу-энергиямен қамтамасыз ету үшін ның ерекше маңызды екенін атап өтті. Тек Көкшетау қаласының өзінде 2035 жылға дейінгі кезеңде жылу энергиясына деген қажеттілік сағатына 840 Гкал-дан асады деп болжанып отыр. Жыл сайын қалада 200-240 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Сонымен қатар жаңа әлеуметтік нысандар – мектептер, ауруханалар, спорт мекемелері ашылуда.

Стансаның іске қосылуы өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыруға, қуат резервін қалыптастыруға және жылу жүйесінің ұзақмерзімді тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде Көкшетаудың 195 мыңнан астам тұрғыны, оның ішінде Станционный кентінің халқы жылумен қамтылады. Сонымен қатар 600-ге жуық көппәтерлі тұрғын үй ыстық сумен қамтамасыз етіледі. ЖЭО құрылысы қаланың дамуына серпін беріп, жаңа кәсіпорындардың ашылуына ықпал етеді. «Самұрық-Энерго» АҚ мәліметінше, жобаны 2029 жылдың наурыз айында аяқтау жоспарланған.

Жалпы, ҚР Энергетика министрлігінің деректеріне сәйкес, соңғы жылдары республика бойынша апатты жағдайда тұрған ЖЭО саны айтарлықтай азайған. Бұған дейін жұмыс істеп тұрған 37 ЖЭО-ның 19-ы «қызыл» аймақта, 11-і «сары» және 7-уі «жасыл» аймақта болған. Өткен жылыту маусымының қорытындысы бойынша жағдай жақсарды: 9 станса «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа, тағы 3 стан «сарыдан» «жасыл» аймаққа көшті. Нәтижесінде, қазіргі уақытта 17 ЖЭО – «сары» аймақта, 10 – «жасыл» аймақта.

Нысанды аралау қорытындысы бойынша Премьер-министр жауапты министрліктерге, жергілікті атқарушы органдар мен тиісті ұйымдарға барлық қордаланған мәселені жедел түрде шешіп, жұмысты белгіленген мерзімде кешіктірмей кідіріссіз уақтылы жүзеге асыруды тапсырды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл