487.44
567.38
6.62
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Коллекторлар 16 млн азаматтың дерек базасына заңсыз қол жеткізген
Жаңалықтар

Коллекторлар 16 млн азаматтың дерек базасына заңсыз қол жеткізген

05.06.2026
мин
0
61
Сурет: видеодан скрин

Жетісу облысында азаматтардың жеке деректерін заңсыз пайдаланған коллекторлық агенттіктің қызметі тоқтатылды, – деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жетісу облысы полиция департаментінің қызметкерлері облыстық прокуратура және ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы азаматтарының дербес деректерін заңсыз пайдалануға байланысты коллекторлық агенттіктің заңсыз қызметінің жолын кесті.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Талдықорған қаласында коллекторлық агенттіктердің бірінің қызметкерлері еліміздің шамамен 16 миллион азаматының жеке деректерін қамтитын мамандандырылған ақпараттық жүйені заңсыз пайдаланғаны анықталды. Аталған база арқылы азаматтардың тегі, аты-жөні, ЖСН және телефон нөмірі бойынша мәліметтер іздеуге мүмкіндік болған.

Тергеу аясында аталған деректер базасын ұйымдастыруға және пайдалануға қатысы бар үш адам ұсталды. Олардың тұрғылықты және жұмыс орындарында санкцияланған тінту жүргізілді7

Нәтижесінде жеке деректерді сақтау мен өңдеуге пайдаланылуы мүмкін көптеген компьютерлік техника мен ұялы байланыс құралдары тәркіленді. Сонымен қатар тексеру шараларын жүргізу үшін бірнеше азамат ішкі істер органдарына жеткізілді7

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы, сондай-ақ құпия ақпараттың алыну және таратылу көздері анықталуда7

Полиция азаматтардың дербес деректерін заңсыз жинау, сақтау, тарату және пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл