473.4
539.39
6.07
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Коммуналдық қызмет атын жамылған алаяқтардан сақ болыңыз
Жаңалықтар

Коммуналдық қызмет атын жамылған алаяқтардан сақ болыңыз

27.07.2026
мин
0
97

ІІМ коммуналдық қызмет атын жамылған алаяқтардан сақ болуға шақырады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Соңғы уақытта алаяқтар өздерін жылу қызметінің мамандары ретінде таныстырып, тұрғындарға қоңырау шалуда. Олардың негізгі мақсаты — азаматтардың жеке мәліметтеріне, банк шоттарына немесе аккаунттарына қол жеткізу.

Алаяқтар әдетте мынадай сылтауларды қолданады:

  • жылу есептегішін тіркеу қажет;

  • сіз өтініш қалдырғансыз;

  • құжаттарыңызды жаңарту керек;

  • берешегіңіз бар;

  • жеңілдік рәсімдеу қажет.

Одан кейін олар телефонға келген SMS-кодты айтуды сұрайды. Есте сақтаңыз: SMS-кодты ешкімге беруге болмайды.

Алаяқтар бұл код арқылы:

  • банк қосымшаларына кіруге;

  • мемлекеттік сервистердегі аккаунттарға қол жеткізуге;

  • сіздің атыңыздан заңсыз әрекеттер жасауға әрекет етуі мүмкін.

Өзіңізді қорғау үшін:

  • телефон соққан адамның кім екенін міндетті түрде тексеріңіз;

  • SMS-кодты, банк картасының деректерін, CVV-кодты және басқа да жеке мәліметтерді ешкімге айтпаңыз;

  • күмәнді жағдайда әңгімені тоқтатып, ұйымның ресми байланыс нөміріне өзіңіз хабарласыңыз;

  • бейтаныс адамдардың нұсқауымен қосымшаларды жүктемеңіз және күмәнді сілтемелерге өтпеңіз.

Полиция коммуналдық қызмет өкілдерінің тұрғындардан телефон арқылы SMS-кодтарды сұрамайтынын ескертеді.

Егер осындай қоңырау келсе:

  • әңгімені бірден тоқтатыңыз;

  • SMS-кодты айтпаңыз;

  • жақындарыңызға ескертіңіз;

  • алаяқтық әрекет болған жағдайда полицияға хабарласыңыз.

Сақ болыңыз! Бір ғана SMS-кодты айту арқылы қаражатыңыздан айырылып қалуыңыз мүмкін.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл