Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой сәуірде коронавирус жұқтырғандар саны тәулігіне 1700 адамға жетуі мүмкін екенін айтты.
Бұл – пессимистік сценарий. Ал оптимистік болжам бойынша тәулігіне 500 науқас тіркелуі мүмкін.
Эпидемиологиялық жағдайға осы жылдың аяғына дейін болжам жасаған министрліктің жұмыс тобы арақашықтық, маска мен вакцинаны есептеген күннің өзінде қазіргі шектеу шараларының сақталу керегін айтады.
Сондай-ақ министр Үкімет отырысында вакцинациядан соң иммунитеттің қалыптасуына уақыт керек екенін, сондықтан екпе әсері І кезеңде қатты сезіле қоймайтынын айтты.
Бірақ кейіннен вакцинация жағдайдың тұрақталуына ықпал етеді.
Тағы көру