Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Kundelik порталы тегін мектеп мәзірін ақылы жариялап отырған
Жаңалықтар

Kundelik порталы тегін мектеп мәзірін ақылы жариялап отырған

05.04.2023
1 мин
0
438

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Kundelik порталында тегін ас мәзірін ақылы орналастырғаны үшін жеті облыстағы мектеп асханаларына айыппұл салынғанын мәлімдеді. Білім басқармалары кәсіпкерлерге мәзір фотосуреттерін ақылы түрде орналастыруды ұсынған деп хабарлайды, Dauletten.kz.

Дерекке сүйенсек, 400-ден астам мектепке қызмет көрсететін 117 кәсіпкер 9 млн теңгеге жуық қаржы төлеген.

Заңсыз әрекет Абай, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда Павлодар облыстарында және Астана, Шымкент қалаларында тіркелген. 

Заң бойынша ас мәзірінің суреті Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы N598 бұйрығына сәйкес мектептің интернет-ресурсында тегін жариялануға тиіс болған.

Қоғамдық тамақтандыру қызметін жеткізушілер, Білім министрлігі, елорда әкімдігінің және "Kundelik " ЖШС өкілдерінің қатысуымен өткен жиыннан кейін ас мәзірін тегін орналастыру туралы шешім қабылданды.

Жиын қорытындысында Білім министрлігі де барлық мекемелерге төлемнің алдын алу туралы хат жолдады.

фото: sputnik.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл