Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Лифт ішінде қатыгез шабуылға ұшыраған 5 жасар баланың анасы оқиғаның мән-жайын баяндады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Зардап шеккен баланың аты Батыр. Шабуыл сәтінде ол дүкеннен үйіне қайтып келе жатқан.
- Мен оны картоп алу үшін дүкенге жібердім. Өзім үйде кішкентай баламен болдым. Терезеден қарап тұрдым, Батыр подъезд есігіне келіп, домофонды басты. Оған қол бұлғадым, ол қуанышты күйде үйге кіріп бара жатты. Кейін белгілі болғандай, әлгі жасөспірім есік маңында басқа қызға тиісіп тұрған. Батыр есікті аша бастағанда, ол да бірге кіріп кеткен, содан соң лифтке бірге мінген. Мұның бәрі бейнежазбаларда анық көрінеді, – дейді баланың анасы.
Қанға боялған бала өз бетімен төртінші қабатқа көтеріліп, пәтерге кіре сала ес-түссіз құлап түскен.
- Ол қансырап тұрып, бірінші қабаттан төртінші қабатқа дейін өзі көтерілді. Үйге кіріп: “Мен өліп барамын, мама, мені өлтірді” деді де, құлап түсті. Сол сәтте мен не болғанын түсіне алмадым. Бет-аузынан қан атқылап, бәрі қанға малынып қалды. Мен қатты шок болдым. Көршілерге телефон соға бастадым, олар дәрігерлерге хабарласты. Абырой болғанда, көршіміз – хирург Жандос қан кетуді тоқтатуға көмектесті, әйтпесе ұлым одан да көп қан жоғалтар еді. Кейін жедел жәрдем оны ауруханаға алып кетті, – деп еске алады есінен танған ана.
Полиция оқиға орнына жедел жетті. Кейін лифт пен подъездегі бейнебақылау камералары арқылы шабуылдың қалай болғанын толық анықтауға мүмкіндік туды. Белгілі болғандай, жасөспірім өзіне құрбан іздеп жүріп, подъезге кірген баланы көре сала соңынан жүгірген.
- Бейнежазбаларда оның лифтке кіріп, кейін шыққаны көрінеді. Алғашында мен оны жай ғана ұрды деп ойладым, мүмкін, балалар бірдеңеге келіспей қалған шығар дедім. Бірақ кейін сол сұмдық видеоны көрдім… Ол лифт есігін ұстап тұрып, әуелі Батырымды қолындағы күрекшесімен алдаусыратады. Кейін кенеттен пышақ шығарып, баланың бетіне сұға бастайды. Сосын қашып кетеді, – деп еңіреп жылады анасы.
Дәрігерлердің айтуынша, баланың жүйке талшықтары мен артериясы зақымданған.
- Оны ауруханада наркозбен тіккен. Түнде жағдайы ауыр болды. Біз барып едік, кіргізбеді. Қазір палатаға ауыстырды, есін жиды. Бірақ бетінің сол жағы жұмыс істемейді, беті ісіп кеткен. Оның қант диабетінің 1-типі бар, қанша уақыт емделетінін білмеймін, – дейді Батырдың анасы.
Ол бұл жасөспірімді бұрын-соңды тұрғын үй кешенінен көрмегенін айтты. Баланың анасы оған барынша қатаң жаза тағайындауды талап етіп отыр.
- Қазір біз үшін ең маңыздысы – Батырдың сауығып кетуі. Бірақ мен бұны жай қалдырмаймын… Біздің Батыр – қарапайым, өте ақылды бала. Дайындық курсына, ағылшын тіліне, күреске барып жүрген. Өзі ашық мінезді. Оны аулада бәрі таниды, балалармен ойнайды. Мұнда көп кішкентай бала бар, жанымызда мектеп тұр. Балалардың бәрі жалғыз жүреді, ал әлгі адам көшеде кез келгеніне шабуыл жасауы мүмкін еді! Біздің қауіпсіздігіміз қайда? Мен кінәлімін, оны жалғыз жібермеуім керек еді. Мұндай жағдай боларын кім білген. Бұл не деген жауыздық екенін түсінбеймін, – деп өз-өзін