Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мәдениет комитетіне жаңа төраға тағайындалды
Жаңалықтар

Мәдениет комитетіне жаңа төраға тағайындалды

16.07.2025
1 мин
0
81
Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Ерлан Ерғазыұлы Дакенов Мәдениет комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Dauletten.kz үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерлан Дакенов 1977 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін және Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетті тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы бастаған. 2000–2008 жылдары "Ақтоғай Транспорт компаниясы" ЖШС-да менеджер, кейін заңгер болып қызмет атқарған.

2008–2012 жылдары Астана қаласының Мәдениет басқармасына қарасты "Тәуелсіздік сарайы" мекемесінде түрлі лауазымда — қоюшы-режиссер, продюсер, баспасөз хатшысы, инспектор-аға маман ретінде жұмыс істеген.

2012–2016 жылдары Мәдениет министрлігі Мәдениет комитетінің "Ақ жауын" мемлекеттік камералық оркестрінің директоры қызметін атқарған.

2016–2019 жылдары — "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы директорының орынбасары,

2019–2023 жылдары — Астана қаласы әкімдігінің "Мемлекеттік академиялық филармониясы" мекемесінің бас директоры болған.

2023 жылғы тамыздан бастап жаңа қызметіне дейін "Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония" МКҚК бас директоры қызметін атқарды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл