Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мәжіліс депутаты, "AMANAT" партиясы фракциясының мүшесі Гүлдара Нұрымова Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа және Ішкі істер министрі Ержан Саденовке еліміздегі мал басын сақтап қалу және оның тұрақты өсімін қамтамасыз ету жөнінде депутаттық сауал жолдады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
– Қазіргі таңда Қазақстандағы мал шетелге, әсіресе Қырғызстанға заңсыз шығарылуда. Өйткені ол жақта ет бағасы жоғары. Сонымен қатар бүгінде елімізде де ет бағасының өсуі байқалуда. Заңда белгіленген шектеулерге қарамастан, тірі малдың заңсыз шығарылу фактілері аз емес, – деді депутат.
Оның айтуынша, ішкі нарықтағы ет бағасын тұрақтандыру бойынша реттеу шараларын қабылдау қажет. Сондай-ақ мал басын сақтап қалу және оның өсімін қамтамасыз ететін ынталандыру тетіктерін қарастыру керек.