Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ата-аналарды алдап, баласының атын жамылып ақша сұраған алаяқтар ұсталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Батыс Қазақстан облысында алаяқтар ата-аналардың сенімін пайдаланып, баласының атын жамылып ақша сұраған. Құқық қорғаушылар осындай әдіспен ақша жымқырған үш жігіттен құралған қылмыстық топты ұстады.
Күдіктілердің бірі WhatsApp-тағы педагогтер чатына кіріп, топ мүшелерінен ақша сұраған. Ол өзіне жәбірленушінің баласы болып танысып, телефоны сөнгенін айтып ақша аударуды өтінген.
Алаяққа сеніп қалғандар банк карталарының деректері мен құпия кодтарын жіберіп, сол арқылы қылмыскерлер карталардағы қаражатты ұрлап алған.
Қазіргі уақытта осы іске қатысты 17 факті бойынша тергеу жүргізілуде. Алданған азаматтардың ішінде басқа өңірлердің тұрғындары да бар екені анықталды.