Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
МӘМС төлемейтіндерге көлік жүргізуге тиым салынады ма?
Жаңалықтар

МӘМС төлемейтіндерге көлік жүргізуге тиым салынады ма?

09.10.2023
1 мин
1
567

Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният МӘМС жүйесіне қандай өзгерістер енгізу керектігін айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.

«Қазіргі кезде қаржы жүйесі актуарлық есептеулерге сәйкес өсіп келе жатқан шығыстарды еңсере алмағандықтан қор өз міндеттемелерін болашақта толық орындай алмайды деп болжап отыр. Жүйенің ұзақмерзімді қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшін келесі қажет шарттарды ескеру қажет. Біріншіден, 2025 жылдан бастап әр азамат міндетті салықтық декларациясын тапсырады. Сол арқылы сақтандырылмаған азаматтардың табысы белгілі болады және шамамен 700 мың адамды МӘМС жүйесіне енгізу ескерілген», - деді Ажар Ғиният.

Оның айтуынша, сонымен қатар табысы төмен әрі ауылда тұратын шамамен 1,5 млн адам бюджеттік қаражат арқылы сақтандырылады.

2026 жылға қарай бұл халықтың кемінде 95 пайызын қамтуға мүмкіндік береді.

Мұнымен қоса, мемлекет пен жұмыс берушілердің жарналарының мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен көтеру қарастырылған.

«Бұдан басқа, сақтандырылмаған адамдарға денсаулық және осы салаға қатысты мемлекеттік қызметтерді алу кезінде шектеу енгізу ұсынылады. Мәселен, көлік жүргізу, қару-жарақ сақтау және басқа да бағыттарда осындай шектеулерді қарастырған жөн деп санаймыз», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, МӘМС жүйесіне қатысты бюджеттік қаржыландыруды кезең-кезеңімен ұлғайту пысықталып отыр. 

Осы шарттарды орындаған кезде қордың орнықтылығы сақталады. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
1 Пікір
Р
Роза 10.10.2023
Осы сақтандыру халыққа бір тиынға да керек емес. Қара халықты қанау, тонау. Төлей алмай, қаранайын десе страховка төлей алмай ауырып үйінде жатқан қаншама адам бар. Алып тасталсын.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл