Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Маңғыстау облысында биыл Жеңістің 80 жылдығына орай Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге 5 миллион теңге көлемінде бір реттік материалдық көмек беріледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Айта кету керек, бүгінде өңірде небәрі екі соғыс ардагері бар – Ольга Заривняк пен Василий Салазкин.
Бұдан бөлек, соғыс кезінде жарақат алып, мүгедек болған немесе ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 100 адамға 60 айлық есептік көрсеткішке (235 920 теңге) тең біржолғы қаржылай қолдау көрсетіледі.
Сондай-ақ, ҰОС ардагерлеріне теңестірілген тағы 104 азаматқа 50 АЕК көлемінде, яғни 196 600 теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек беріледі.