Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Марат Жыланбаев 7 жылға сотталды
Жаңалықтар

Марат Жыланбаев 7 жылға сотталды

29.11.2023
1 мин
0
803
Фото: Тимур Нусимбеков

Астана соты азаматтық белсенді Марат Жыланбаевты 7 жылға соттады. Бұған дейін прокурор супер марафоншыны 10 жылға соттауды сұраған.

29 қарашада Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты сот тыйым салған экстремистік ұйымды қаржыландырғаны (ҚР ҚК 258-бабы 2-бөлігі), сондай-ақ оның қызметіне қатысқаны үшін (ҚР ҚК 405-бабы 2-бөлігі) Марат Жыланбаевқа қатысты үкім шығарды.

Соттың таратқан ақпаратына сүйенсек, “Жыланбаев Қазақстан аумағында тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" экстремистік ұйымының (ҚДТ – ред.) жақтаушысы бола отырып, ҚДТ көшбасшысымен және оның шетелдік штабымен байланыста болып, олардан Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымын күштеп өзгерту мақсатын көздейтін тапсырмалар мен нұсқаулар алған”. 

“Жыланбаев шетелде жасырынып жүрген "ҚДТ" штабының үйлестірушісімен алдын ала сөз байласып, экстремистік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатынын біле тұра, қаржылық, ақпараттық және өзге де қызметтерді ұйымдастырған”, – делінген айыптау қағазында.

Қорғаушы тарап  сотталушыны оның әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтауды сұраған. 

Сонымен қоса сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сарапшылардың қорытындыларымен, заттай дәлелдемелермен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен толық дәлелденгені айтылады.

“Сот үкімімен Жыланбаев Қылмыстық кодекстің  258-бабы 2-бөлігінде және 405-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды және қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, қоғамдық-саяси қызметпен, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары мен телекоммуникация желілерін пайдалану құқығынан 3 жыл мерзімге айырылды”, – дейді сот.

Сот жас баланың болуын және сотталушының бұрын-соңды сотталмағанын қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде таныған. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл