Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
ERG директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов екеуінің видеосын түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Әлеуметтік желіде Машкевичті күтіп алған Тоғжановтың оны емірене құшақтап тұрған видеосы тарап, қызу пікірталас тудырған..
«Мен Тоғжанов мырзаны 25 жылдан бері білемін. Бізде шынайы достық қарым-қатынас бар. Ал мен достарымды шын жүректен құшақтаймын. Ал өз көзқарасым бойынша, мен бұл жерде артық ешнәрсе көріп тұрған жоқпын. Оның үстіне, біздің достық қарым-қатынасымыз Ақтөбе облысындағы барлық әлеуметтік жобаларды және басқа да шараларды дамытуға мүмкіндік береді. Сөйтіп Ақтөбе облысындағы жобаларға бірден 3,3 млрд теңге бөлдік. Біз онымен доспыз және бұл мемлекеттік қызметкер, кәсіпкер ретінде жұмыс істеуімізге кедергі емес», - деп түсіндірді Машкевич.
Еске салайық, олардың құшақтасып жатқан видеосын блогер Самат Нұртаза жариялады. Ulysmedia.kz редакциясы Александр Машкевичтің немен айналысатынын және оның тіпті үкіметтің бұрынғы мүшесімен байланысы неліктен жоғары екенін талдаған.
Машкевич – Израиль азаматы. Forbes нұсқасы бойынша ол 3,7 миллиард доллар байлығымен осы елдің алтыншы әрі ең бай бизнесмені. Ол қазан айында Қазақстанның 50 ықпалды бизнесмені рейтингінде бесінші орынға тұрақтаған. Оның қолында алюминий, темір рудасы, хром кен орындары, зауыттар, банк және медиа ресурстар бар. Украина мен Ресей Федерациясында әртүрлі салалармен айналысады.