Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде маска тақпаған азаматтарға салынатын айыппұл сомасы 83 мың теңге болып бекітілген. Десе де кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов аталмыш айыппұлды 83 мың теңгеден 2 778 теңгеге азайтуды ұсынды.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының тұжырымдамасын қарастырып жатыр. Жеке тұлғаларға маска тақпағаны үшін салынатын айыппұл мөлшерін 30 айлық есептік көрсеткіштен 1 АЕК-ке (2 778 теңге) дейін төмендету ұсынылып отыр.
Сондай-ақ кәсіпкерлік нысанда қызметкерлердің каранитин режимін сақтап, бетперде кимеген жағдайда айыппұл сол талапты орындамаған адамға салынуы керек екені талқыланды. Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық қызметі де мұны құптап отыр.
Тағы көру