Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мәжіліс депутаты аула сыпырушылардың мәселесін көтерді
Жаңалықтар

Мәжіліс депутаты аула сыпырушылардың мәселесін көтерді

03.05.2023
1 мин
0
756

Үй-жайларды тазалаушылар мен аула сыпырушыларға ақылы еңбек демалысына шыққан кезде сауықтыруға арналған жәрдемақы төленбейді. Бұл туралы ҚР Парламент мәжілісінің кезекті отырысында «RESPUBLICA» партиясының фракция мүшесі Нұргүл Тау айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Депутат Әлихан Смайыловқа жолдаған сауалында кейбір азаматтардың «қызметкер» дәрежесіне енбей қалғанын алға тартты.

«Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы №77 қаулысына сәйкес біліктілігі жоқ жұмысшылар, мысалы, қызметтік үй-жайларды тазалаушылар, аула сыпырушылар, ас үй жұмысшылары, күзетшілер, вахтерлер, кастелляншалар және басқалар борттан тыс қалуда, өйткені оларға жұмысқа қабылдау кезінде біліктілігін растау талап етілмейді. Тиісінше, аталған санаттар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №123 бұйрығымен бекітілген Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізіліміне кіргізілмеген. Қызметкерлердің осы санатына ақылы еңбек демалысына шыққан кезде сауықтыруға арналған жәрдемақы төленбейді.

Фото: egemen.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл