Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мәжіліс волонтерлік қызмет пен қайырымдылық туралы заң жобасын мақұлдады
Жаңалықтар

Мәжіліс волонтерлік қызмет пен қайырымдылық туралы заң жобасын мақұлдады

08.06.2022
1 мин
0
1232

Мәжілісте «ҚР кейбір заңнамалық актілерге волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды.

Бірінші оқылымда заң жобасы биылғы ақпан айында мақұлданған еді. 

«Заң жобасы мемлекеттік грант саясатын, қайырымдылық және волонтерлік қызметті жүзеге асыру салаларындағы заңнаманы жетілдіруге, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың «стратегиялық әріптестік» түріндегі өзара іс-қимылының жаңа тетігін енгізуге бағытталған. Заң жобасымен жұмыс барысында депутаттар «волонтерлік қызмет», «волонтерлік қызмет саласындағы уәкілетті орган», «қайырымдылық волонтері» ұғымдарын нақтылады, қайырымдылық бағдарламасын әзірлеу, бекіту және орындау жөніндегі нормалар қайта қаралды, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге қатысу құқығы кеңейтілді», - деді депутат, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Вера Ким Мәжілістің жалпы отырысында. 

Сонымен бірге, азаматтық қоғамды тарта отырып, мемлекеттік гранттардың тиімділігіне бағалау жүргізу жөніндегі нормалар күшейтілген. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің құзыретіне Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу бойынша функциялар енгізілген. 

Депутаттар волонтерлерді «ҚР-дағы мемлекеттік наградалар туралы» заңда көзделген тәртіппен наградалармен марапаттауды ұсынған. 

«Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және медициналық көмекпен қамту мақсатында Денсаулық сақтау министрлігінің стратегиялық маңызды дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін және оларды мемлекеттік тіркеу тәртібін айқындау жөніндегі құзыреті белгіленді. Дербес төлеушілердің МӘМС аясында медициналық көмек алу үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті жарналарды төлеудің баламалы тетігі енгізілді. БАҚ қызметкерлерінің әлеуметтік төлемдер алуы үшін кірістерін есепке алуға қатысты және мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны құруға қатысты «Мәдениет туралы» заңға өзгерістер енгізілді», - деді В. Ким.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл