Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин Іле-Алатауы ұлттық паркінде шыққан өрттің себебін атады, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Аудан әкімінің сөзіне қарағанда, өртті қос жас жігіт ұйымдастырған.
«Өрт болғанға дейін осы аймақта екі жас жігіт болған. Олар оқиға орнынан кетіп қалған. Қазір полициямен бірлесіп оларды іздестіріп жатырмыз», – деді Оразалин.
Еске салайық, жел тұрып, өрт тез таралған. Салдарынан тілсіз жау 8 мың шаршы метр жерді шарпыды. Бір құтқарушы көз жұмды.