Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы ағымдағы жылдың 26 сәуірі мен 17 шілдесі аралығында Алматы, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының, сондай-ақ Ұлытау, Жетісу және Абай облыстарының 47 шалғай станциясында болды. 27 мыңға жуық адам кәсіби медициналық көмек алды, деп хабарлайды Dauletten.kz Қазақстан темір жолы баспасөз қызметіне сілетеме жасап.
1854 тұрғынға тегін заңгерлік және медиативтік көмек көрсетіліп, 318 медиативтік келісімге қол қойылды, өйткені биылғы жылы медициналық қызметкерлермен бірге пойызда медиаторлар мен заңгерлер де бар.
Аталған кезеңде «Саламатты Қазақстан» дәрігерлері шалғайдағы станциялардың 26 618 тұрғынын, оның ішінде 6030 баланы, 20 588 ересек адамды тексерді.
Олардың ішінде төмендегі көмек алғандар саны: