| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде мектеп бітіру кештеріне қатысты қатаң ереже енгізілді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Енді түлектер кеші тек мектеп қабырғасында ұйымдастырылып, ата-аналар мен оқушылардан ақша жинауға тыйым салынады.
Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктері бітіру кештерін өткізуге қатысты жаңа бірлескен талаптарды бекітті. Құжатқа сәйкес, аттестат тапсыру рәсімі тек білім беру ұйымының ішінде өткізілуі тиіс.
Бұдан былай мектеп бітіру кештерін мейрамхана, кафе сияқты сыртқы орындарда ұйымдастыруға болмайды.
Сонымен қатар, түлектер кешіне байланысты оқушылардан, ата-аналардан немесе заңды өкілдерден қаражат жинауға толық шектеу енгізілді.
Жергілікті әкімдіктерге аталған шараларды артық шығынсыз, қарапайым форматта өткізу міндеттелді. Ал құқық қорғау органдары қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті бақылауды қамтамасыз етеді.