Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мектепте хиджаб киюге тыйым салынғаны туралы іс қаралды. Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соты мектептің ішкі тәртіп ережелеріне қатысты дауды шешті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Сотқа шағым түсірген оқушының әкесі ішкі ережелермен келіспейтінін, министр бұйрығында бас киімге нақты тыйым көрсетілмегенін мәлімдеді.
Оқушының әкесі сотқа Қағидалардың 16-тармағының 2) тармақшасын заңсыз деп тану туралы талаппен жүгінген. Бұл тармақта “мектеп формасын кигенде діни сипаттағы киім мен нышандарды киюге жол берілмейді” деп көрсетілген. Талап қоюшы “шаш пен мойынды жабатын бас орамалын” діни киімге жатқызуға қарсы болғаны айтылды.
Сот тараптардың дәлелдерін мұқият зерттеп, шешім шығарды.
“Білім туралы” заң мен мектеп Жарғысына сәйкес, мектеп формасы барлық оқушылар үшін бірдей болып, діни немесе басқа ерекше белгілерді қамтымауы тиіс. Бұл оқушылар арасындағы теңдікті, бейтараптықты және үйлесімділікті сақтау үшін маңызды.
- Мектеп формасына әртүрлі діни конфессияларға тән элементтерді қосуға жол берілмейді. Бірыңғай форма тәртіпті оқу ортасын қалыптастыруға ықпал етеді. Ата-аналар балалардың белгіленген мектеп формасын киюін қамтамасыз етуі керек, – деді сот.
Сот білім беру мекемелерінің талаптарын сақтау қажеттігін ерекше атап өтті. Талапты қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданды. Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.