Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептерде жаңа жылдық іс-шараларды өткізуге ақша жинауға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бейсембаев мектепте ақша жинауға рұқсат жоқ екенін ашып айтты.
- Бұған дейін айтқанымыздай, мектептерде ешқандай ақша жиналмауы керек. Жаңа жыл және басқа да іс-шараларға байланысты үнемі айтып отырамын. Бұған министрліктің бұйрығымен де тыйым салынады, сондықтан мектептерде ешқандай ақша жиналмауы керек. Бұл - жаңа жылдық шарларға да, шыршаларға да қатысты талап. Кез келген іс-шараны ақша жинамай-ақ өткізуге болады, - деді Бейсембаев.
Ведомство басшысы кез келген іс-шара балаларды тәрбиелеуге бағытталуы керек екенін айтты.
- Сыйлықтарға қатысты сұраққа жауап бердім. Гүл сыйлауға бола ма? Иә, рұқсат етілген шаралар ретінде болады. Біздің мұғалімдер ешқандай сыйлық күтпейді, - деді министр.