491.68
568.23
6.2
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мемлекет басшысы мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында сөз сөйледі
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында сөз сөйледі

12.03.2026
мин
0
45
Сурет: Ақорда

 Мемлекет басшысы мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

️– Ең алдымен, баршаңызға және жаңа ғана сөз сөйлеген азаматтарға ризашылығымды білдіремін. Салмақты, пайдалы ой-пікірлер айтылды. Оның бәрі Парламенттің, Үкіметтің алдағы жұмысында ескерілетін болады. Шын мәнінде, бұл басқосудың еліміз үшін мән-маңызы айрықша. Бүгінгі форумға барлық аймақтан жергілікті билік өкілдері арнайы келді. Қазір осы залда миллиондаған отандасымыздың мүддесін қорғап жүрген екі мыңға жуық депутат отыр. Сіздер халықпен тығыз жұмыс істеп жүрсіздер. Жұрттың мұң-мұқтажын, талап-тілегін жақсы білесіздер. Сондықтан мен Мемлекет басшысы ретінде Сіздер атқарып жатқан жұмысты ұдайы басты назарда ұстаймын, - деді Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстандағы өңірлік саясатты дамыту, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және мәслихаттардың рөлін күшейту туралы сөз етті.

️– Жалпы, мұндай жиын өңірлік саясаттың тиімділігін бағалап, өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді. Өздеріңізге мәлім, Қазақстанда кең ауқымды, тарихи өзгерістер жүзеге асырылып жатыр. Игі бастамалардың бәрі де халықтың әл-ауқатын арттыру үшін қолға алынды. Біз мемлекеттік басқару жүйесін, экономиканы және әлеуметтік саланы түбегейлі жаңғыртуға кірістік. Бұл орайда, мәслихаттардың алдында тұрған миссия – айрықша. Өкілді органдарды күшейту мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы болып қала береді. Біз бұған дейін біраз шаруа атқардық. «Қуатты аймақтар – қуатты ел» қағидатына сәйкес мәслихаттардың беделін көтердік. Соның арқасында осы құрылымдар мемлекеттік басқару жүйесіндегі басты институттың біріне айналды. Дегенмен мәслихаттардың әлеуетін одан әрі күшейту үшін бірқатар міндетті орындауымыз керек, - деді Тоқаев.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл