Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Ұлттық Олимпиада комитетін 30 жылдығымен құттықтады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ұлттық Олимпиада комитетін 30 жылдығымен құттықтады

16.09.2023
1 мин
0
422

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтады, деп хабарлайды Dauletten.kz.

«Құрметті Ұлттық Олимпиада комитетінің ұжымы!

Баршаңызды Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің құрылғанына 30 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – елімізде ерекше орны бар ұйым.

Сіздер олимпиада құндылықтарын дәріптеп, өскелең ұрпақты спортқа баулуға және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты нығайтуға зор үлес қосып келесіздер. Соның нәтижесінде өрендеріміз талай байрақты бәсекеде табысты өнер көрсетіп жүр. Олар Олимпиада ойындарынан, әлем біріншіліктерінен және Азия чемпионаттарынан ел қоржынына жүздеген жүлде салды. Саңлақтарымыздың есімі әлемдік спорт жылнамасына алтын әріппен жазылды. 

Еліміз қысқы Азия ойындарын, Бүкіләлемдік универсиаданы, әлем және құрлық чемпионаттарын жоғары деңгейде өткізіп, жаһан жұртшылығының лайықты бағасын алды.

Мемлекет олимпиада қозғалысын дамытуға әрдайым баса назар аударады. Біз Халықаралық олимпиада комитетімен және басқа да беделді ұйымдармен ықпалдастықты нығайта береміз. 

Көк байрағымыз әрдайым биікте желбіреп, абыройымыз асқақтай берсін!», - деді Мемлекет басшысы.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл