Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев университетіне бөлінетін қаржыға білім тапсырысы және мақсатты депозиттер кіретінін мәлім етті.
«Назарбаев университетіне өткен жылдағыдай шамамен 42 млрд теңге қаржы бөлеміз. Алдағы 3 жылда университетке қолдау көрсететін боламыз. Мемлекеттен бөлінген қаржыға мемлекеттік білім тапсырысы және мақсатты депозиттер кіреді. Сондықтан, алаңдаудың қажеті жоқ», — деді Саясат Нұрбек Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар министр алдағы 3 жыл бойы бөлінетін қаржының бюджетте бекітілгенін айтты.
Еске салсақ, былтыр Ғылым және жоғары білім министрлігі Назарбаев университетін қаржыландыру көлемі жылдан-жылға азайып келе жатқанын хабарлаған еді.
«2020 жылы Назарбаев университетін қаржыландыруға республикалық бюджеттен 55 243 246,6 мың теңге, 2021 жылы — 57 384 102,2 мың теңге, 2022 жылы — 45 038 666,7 мың теңге, ал 2023 жылы — 42 571 878,8 мың теңге бөлінді. Соңғы екі жылда қаржыландыру сомасы өткен жылдармен салыстырғанда азайды», — деп жауап берді министрлік журналист сауалына.